Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада 100-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

Қызылордада «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аясында 100-ге жуық құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласының учаскелік полицейлері халықпен тығыз байланыста.

Жыл сайын қаланың инфрақұрылымы жақсарып келеді. Көптеген тұрғын үй нысандары, соның ішінде сол жағалауда да жаңа құрылыстар салынып жатыр. Осыған байланысты полиция қызметкерлерінің жұмыстары да көбеюде. Қалада 79 әкімшілік учаске орналасқан.

Өткен жылмен салыстырғанда құқық бұзушылықтар саны азайды:

қоғамдық орындарда – 37,6 %, көшелерде – 28,2 %, бұзақылық – 48,6 %, тонау-50,7%, ұрлық – 54,8 %.

 7 қыркүйек пен 1 желтоқсаны аралығында Қызылорда облысы аумағында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.

Іс-шараның мақсаты – полиция қызметкерлерінің имиджін арттыру, халықпен тығыз байланыс орнатып,   қызмет көрсетілетін учаскелерде құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында бір күн ішінде учаскелік инспекторлар 100-ге жуық құқық бұзушылықты анықтады. Және ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған 195 адамды тұрғылықты жері бойынша тексерді. Әлеуметтік жағдайы нашар отбасылар мен қадағалаусыз жасөспірімдер анықталды.

Іс-шара аясында 795-тен астам жеке үй, оның ішінде 404 пәтер және 34 саяжай алқабы тексерілді. Барлық тұрғындармен профилактикалық әңгімелер өткізілді. Жалға берілетін тоғыз пәтер араланып, тексерілді.

«Учаске» іс-шарасы барысында тұрғылықты жері бойынша 47 атыс қаруының иесі тексерілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру