Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада 26 ақпаннан бастап «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталады

Қызылордада полицейлер отбасылық жанжалдар бойынша тұрғындарға көмек беруге дайын, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 26 ақпаннан бастап облыс көлемінде «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталады.

Профилактикалық іс-шара отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыс пен құқық бұзушылыққа бейім тұлғаларға қатысты қорғау нұсқамаларын шығару, құқық бұзушылардың мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу, ішкі істер органдарында есепте тұратын адамдармен профилактикалық жұмыстар ұйымдастыру мақсатында өткізілмек. 

Аталған іс-шара аясында учаскелік полиция инспекторлары өздері қызмет көрсететін әкімшілік аумақта тұратын жиі жанжалдасатын отбасыларды аралап, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Бұл орайда отбасылық жанжалдар бойынша тұрғындарға Қызылорда облысының Полиция департаментіне «102» немесе 26-28-90 телефоны арқылы хабарласуға болатындығын жеткіземіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру