Қызылордада 3 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті анықталды
Қызылордада алаяқтық жасаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласының 35 жастағы тұрғыны полицияға жүгініп, өзін алдап кеткен әйел туралы арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, күдікті оның сеніміне кіріп, "Түркиядан алтын бұйымдар жеткізіп беремін" деп уәде берген. Алайда ол алаяқтық жолмен жәбірленушіден 3 миллион теңге көлемінде ақша алған.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті қолға түсті. Қазіргі уақытта оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Алаяқтардың арбауына түспеу үшін қырағылық танытып, күмәнді ұсыныстарға сенбеңіздер. Полиция алаяқтық жаһандық деңгейдегі өзекті мәселе екенін еске салды.