Қызылордада 45 шетелдік елден шығарылды
Қызылордада 45 шетелдік елден шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан Қызылорда облысы ПД көші-қон қызметі басқармасы Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын сақтау бағытында біршама жұмыстар атқарды.
Атап айтқанда, облыс аумағына түрлі мақсатпен келген 10920 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды, оның 10737-сі ТМД елдерінен, ал 183-і алыс шетелдерден келгендер. Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуымен 1717 шетелдік анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 204 шетелдіктің заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін 10 тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруына байланысты ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әкімшілік жолмен республика аумағынан 45 шетелдік шығарылды. Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ҚР-ның 525 азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша және шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабымен 75 қазақстандыққа әкімшілік шара көрілді.
Көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған шетел азаматтарын анықтау бағытында жұмыстар жалғасып жатыр.