Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада 54 мотокөлік арнайы айып тұрағына қойылды

Қызылордада "Мотоцикл" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мас күйде көлік жүргізудің төрт дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9-11 сәуір аралығында Қызылорда облысы аумағында "Мотоцикл" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

Іс-шараның алғашқы екі күнінде мотокөлік жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзудың 212 фактісі анықталды. Атап айтқанда:

- ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабына сәйкес түнгі тыныштықты бұзу – 7 дерек;

- Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі жоқ мотокөлікті басқару – 50 дерек;

- Техникалық ақауы бар мотокөлікті жүргізу – 5 дерек;

- Міндетті техникалық байқаудан өтпеген мотокөлікті басқару – 11 дерек;

- Мотошлемді пайдаланбау – 16 дерек;

- Мас күйінде көлік жүргізу – 4 дерек;

- Жүргізу құқығы жоқ немесе тиісті санаты жоқ адамның мотокөлік басқаруы – 50 дерек;

- Көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның мотокөлікті басқаруы – 2 дерек;

- Жаяу жүргіншілер өткелінен өту талаптарын сақтамау – 34 дерек;

- Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу – 33 дерек.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша 54 мотокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру