Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада 600-ден астам азамат пробация қызметінің есебінде тұр

Қызылордада 600-ден астам азамат пробация қызметінің есебінде тұр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметкерлері есептегі сотталғандарды күнделікті мекенжайлары бойынша тексереді. Бүгін №7 аймаққа қарасты пробация есебіндегі азаматтарға учаскелік полиция аға инспекторы Д.Төлегеновпен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында қайта қылмыс жасамау, сотпен жүктелген міндеттерді орындау, жұмыстан, оқудан бос уақытында сағат 22:00 ден 06:00-ге дейін ойын-сауық орындарына бармау, пробация қызметкеріне хабарламай тұрғылықты мекенжайынан рұқсатсыз шықпау керектігі туралы профилактикалық мәні бар әңгіме-сұхбат жүргізілді.

Сот жүктеген міндеттерді орындамаған жағдайда өтеп жатқан жазасы бойынша бас бостандығынан айыру орындарына ауыстыру үшін сотқа іс-құжаттар жолданатындығы туралы ескертілді.

– Пробациялық бақылау белгіленген азаматтармен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жиі өткіземіз. Аяғын шалыс басып қателік жасаған сотталғандарды қайта қоғамға бейімдеу біздің міндетіміз. Әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтарға да көмектер беріліп, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр, – дейді пробация инспекторы А. Айтбай.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру