Қызылордада 62 жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды
Қызылордада 62 жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала аумағында жасөспірімдер арасында қылмыстардың алдын алу және қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға бейім қадағалаусыз және қараусыз қалған, түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз деректерін анықтау мақсатында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында күнделікті рейдттік шара өткізуде.
Нәтижесінде, 2021 жылдың қыркүйек айының 13-16 күндері аралығында барлығы 62 жасөспірім жеткізілді. Олардың кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін болуы – 37 жасөспірім анықталып, заңды өкілдеріне тиісті әкімшілік шара көрілді. Кәмелетке толмаған жасөспірімнің қылмыс жасауына жол берудің бір дерегі анықталды.
Сондай-ақ алты ата-ана қолайсыз отбасы есебіне қойылды. Басқарманың профилактикалық есебіне төрт жасөспірім қойылды.
Полиция қызметкерлері қала аумағында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерлерде болуын анықтауға бағытталған рейдтік алдын алу іс-шараларын өткізуде. Барлық анықталған тәртіп бұзушылық фактілері бойынша кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе заңды өкілдері жауапкершілікке тартылады.