Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада 63 жастағы мал ұрысы ұсталды

Қызылорда полицейлері мал ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 тамыз күні Қызылорда қаласының тұрғыны 102 арнасына қоңырау шалып, шілде айының 30 күні ауласындағы мал қорасынан төрт бас ешкісін, алты дана қаңылтырын ұрланғаны жөнінде хабарлама берген. 200 мың теңге мүліктік шығын келтіргені анықталған.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 1-бөлігімен (Мал ұрлау, яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру) іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында 63 жастағы қала орталығының тұрғыны ұсталып, айғақ зат ретінде қолды болған төрт бас ешкі, алты дана қаңылтыр алынды.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру