Қызылордада 70 жүргізуші қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзған
Қызылордада 70 жүргізуші қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасының бір күнінде жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы – 324 дерегі анықталды.
Оның ішінде көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары бар көлiк құралдарын басқарудың – 10 дерегі, жалған және қолдан жасалған мемлекеттік белгі тағып көлік құралын басқарудың екі, ұялы телефонмен сөйлесудің – 16, белгіленген жылдамдық мөлшерін арттырудың – 44, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзудың – 70, бағдаршамның тыйым салынған түсінен өтудің алты, жаяу жүргіншіге жол бермеудің – 12, көлік құралының қараңғы мезгілінде сыртқы жарықтандыру құрылғыларын пайдалану қағидасын бұзудың – 16, соқтығысу сәтін туғызудың – үш, алкогольді масаң күйде көлік құралын басқарудың төрт, құжатсыз көлік құралын басқарудың – 14, жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамаудың – 17, жолаушылар тасымалдау қағидаларының талаптарын бұзудың бір дерегі анықталды.
24 автокөлік айып тұрағына қойылып, 11 автокөліктің қозғалысын шектеу мақсатында мемлекеттік тіркеу нөмір белгілері алынды.