Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада 71 мас жүргізуші ұсталды

Қызылорда облысында соңғы екі күнде 800-ге жуық құқық бұзушылықтар анықталды. Қауіпсіздік белдігін тақпаған, жалған мемлекеттік белгі тағып басқарған жүргізушілер жауапқа тартылды,- деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалпы  жыл  басынан ішімдік ішіп көлік басқарған 71 жүргізуші анықталып, заңға сәйкес жауапқа тартылды.

4 ақпанда таңғы сағат 06:30 шамасында полиция қызметкерлері қала аумағында «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында жүргізуші азаматтың көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғандығы  және ағымдағы жылдың 30 қаңтарында  сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы  анықталады.

Тәртіп бұзған жүргізуші Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру