Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада 87 жастағы қала тұрғыны емделемін деп, ұрлықтың құрбаны болды

Қызылордада 87 жастағы қала тұрғыны емделемін деп, ұрлықтың құрбаны болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне 10 қазан күні 87 жастағы қала тұрғыны арызданды.
Арызданушы өзінің тұрғылықты мекен жайында ем қабылдап жатқан. 

Ем қабылдау кезінде өзінің мейірбекесі құлағында тұрған бір жұп алтын сырғасын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын 150 мың теңге.

Ақсайлық сақшылардың қабылдаған шараларының арқасында, жедел-іздестіру жұмыстары ұйымдастырылып, 27 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды.

Оған қатысты, ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта, ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде).

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру