Қызылордада әйел 7 адамды алдап кетті
Қызылордада әйел жеті адамды алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 29-30 маусым күні алаяқтың құрбаны болған жеті қала тұрғындары арызданды.
Олардың айтуынша, белгісіз әйел қайтарымсыз несие алып беруге уәде беріп, алдау жолымен 525 мың теңге ақшаларын жымқырған. Аталған әйел бүгінгі күнге дейін уәде етілген несиелерін де, ақшаларын да қайтармаған.
Алаяқты ұстау мақсатында полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде күдікті қала тұрғыны ұсталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық, бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі таңда алаяқтың басқа да істерге қатыстылығы анықталуда.