Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада әйел полицейлер арасында тапанша атудан жарыс өтті

Қызылордада әйел полицейлер арасында тапанша атудан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының кубогына арналған құқық қорғау органдарының қыз-келіншектер арасында ПД-нің Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың спорт кешенінде Макаров тапаншасын атудан жарыс өткізілді. Жарыс ПД Арнайы жұмылдыру даярлық басқармасымен ұйымдастырылды.

Жарысқа 16 команда қатысты. Полиция департаментінен үш құрама, Қызылорда қалалық Полиция басқармасынан бес құрама команда, ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің және аудандық полиция бөлімдерінің құрама командалары қатысты.

Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Амитов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік пен жарқын жеңіс тіледі.

Тартысты өткен додада мықтылар анықтылды. «Жеңіске деген жігері үшін» деген дипломмен Қызылорда қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы Айымкүл Сағнадинова марапатталды.

I-ші орынды Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың құрама командасы, II-ші орынды Қызылорда облысы Қазалы аудандық полиция бөлімінің құрама командасы жеңіп алды, ал III-ші орынды Қызылорда облысы Арал аудандық полиция бөлімінің құрама командасы иеленді.

Жарыста жекелей сынға түскен қыздар арасында І-ші орынды Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы Бақыткүл Самратова жеңіп алды. ІІ-ші орынға Қазалы АПБ-нің ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы Махаббат Бегалиева және ІІІ-ші орынға Қызылорда облысы Арал аудандық полиция бөлімінің штаб тобының аға инспекторы Гүлнар Есенжолова ие болды.

Жеңімпаздарға «Динамо» ДШСҚ спорттық киімі, кубоктар, медаль және алғыс хаттар табысталды.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру