Қызылордада аккумулятор ұрлығымен айналысқан үшеу ұсталды
Қызылордада аккумулятор ұрлығымен айналысқан үшеу ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 шілде күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жергілікті 7 тұрғын аккумуляторларды ұрлау дерегі бойынша арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, белгісіз біреулер жеңіл автокөліктерінен аккумуляторларын ұрлаған.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен облыс орталығының 19-23 жастағы үш тұрғынын ұстады.
Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тергеу күдіктілердің басқа да осы тектес қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Күдіктілер Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.