Қызылордада алаяқ балгер ұсталды
Қызылордада алаяқ балгер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасына арызданған 49 жастағы қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданған. 25 қыркүйек күні «қызының жолын ашып беремін» деген балгер жәбірленушіден алтын алқасын алдап алған. Келтірілген шығын – 150 мың теңге.
Тәртіп сақшылары тұрғынның сеніміне кіріп, алдаған күдіктіні ұстау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде 53 жастағы облыс орталығының тұрғыны құрықталды. Тергеу барысында анықталғандай, күдікті алаяқтықпен алған алтын бұйымды ломбардқа өткізіп жіберіп, ақшасын өз қажеттілігіне жаратып жіберген.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) бойынша таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.