Қызылордада алаяқ екі тұрғынды 1 млн астам теңгеге алдап кетті
Қызылордада алаяқ екі тұрғынды бір миллионнан астам теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық ПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық ісі бойынша облыс орталығының тұрғынын ұстады. Ол жер телімін сатып алуға көмектесуге уәде беріп, облыс орталығының тұрғынына тиесілі 800 мың теңге сомасындағы ақшаны иемденген. Жәбірленуші 2020 жылдың қыркүйегінде алаяққа ақша беріп, бірақ ешқандай нәтиже болмай, ағымдағы жылдың 15 мамыр күні полицияға жүгінеді.
Сондай-ақ күдікті облыс орталығының тағы бір тұрғынын алдап, оған жоғарғы оқу орнына жұмысқа орналастыруға уәде беріп, 350 мың теңгесін иемденген.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚҚ 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.