Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада алаяқ жиһаз шебері ұсталды

Қызылордалық полицейлер алаяқ шеберді қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлеріне маусым айында жиһаз жасап  беремін деген желеумен сеніміне кіріп, 200 мыңнан астам ақшасын алдап алған алаяққа қатысты шара қолдану туралы Қызылорда облысы Байқоңыр қаласының 61 жастағы тұрғыны шағымданған.

Алаяқ ақшаны алдын ала төлем ретінде алып, осы күнге дейін әйелдің жиһазын жасап бермей қашып жүрген.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 28 жастағы азаматты ұстады.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру