Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада алғаш рет спидкубингтен жарыс өтті

Қызылордада алғаш рет спидкубингтен жарыс өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күнін” мерекелеуге орай айлық аясында Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы спидкубингтен жарыс ұйымдастырды.

Спидкубинг — бұл рубик текшесін жылдамдықпен жинауды қамтитын, өзінің нақты ережелері бар интеллектуалды спорт. Жыл сайын спидкуберлер арасында Еуропа, Азия және әлем чемпионаттарын өткізетін және нәтижелердің ресми рейтингін жүргізетін Дүниежүзілік кубик қауымдастығы (WCA) бар.

Азия чемпионатының бірі 2022 жылы Қазақстанда өтті. Ал Қызылорда облысында мектеп оқушылары арасында алғаш рет бұл спорт түрінен сайыс өтіп, балалар өздерінің дайындығын көрсетті.

Сайыс нәтижесімен үздік деп танылғандар: Қазалы ауданының №249, 100, 97 орта мектептерінің оқушылары – Бақытжан Ақниет, Мақсұт Нұрдәулет, Тайғараев Арман және Сырдария ауданы №137 орта мектептің оқушысы Мансұров Нұрахмет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру