Қызылордада арнайы контингентке медициналық көмек көрсету мәселелері талқыланды
Қызылордада арнайы контингентке медициналық көмек көрсету мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасында арнайы контингентке медициналық көмек көрсету және алдағы атқарылатын жұмыстарды пысықтау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Жиынды денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жаныл Исаевна жүргізді.
Іс-шараға Қызылорда облысы прокуратурасы үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының аға прокуроры Махмұт Алмас, Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Жүніс Әбдіқайыров, сондай-ақ №37, 60, 68 мекемелердің бастықтарының орынбасарлары, №3 және №6 қалалық емханаларының бас дәрігерлері қатысты.
Күн тәртібінде ҚАЖ мекемелерінде орналасқан №3, 6 қалалық емханалардың жанындағы медицина бөлімдерімен 2024 жылы атқарылған жұмыстарға талдау жасалып, алдағы жоспарлар нақтыланды. Жиын барысында сотталған азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, аурушаңдықтың алдын алу, сондай-ақ тар буынды мамандардың кеңесін ұйымдастыру мәселелері көтерілді.
ҚАЖ департаменті мен денсаулық сақтау басқармасы арасында өзара ынтымақтастық жалғасып, бірлескен жұмыстар оң нәтижесін көрсетуде. Жыл қорытындысы бойынша денсаулық сақтау басқармасының басшысы тарапынан Жүніс Әбдіқайыров және бірқатар мекеме басшылары алғыс хатпен марапатталды.