Қызылордада аудан прокуроры пробация есебіндегі сотталған азаматтарды қабылдады
Жаңақорған ауданының прокуроры пробация есебіндегі сотталған азаматтарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңақорған ауданының прокуроры Дарын Әбіш аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған азаматтарды қабылдады. Қабылдауға келген азаматтардың сұрақтары рақымшылық туралы, несие алу, соттылығының жойылуы мәселелеріне арналған.
Қабылдау барысында аудан прокуроры есепте тұрған азаматтардың әлеуметтік жағдайын, жұмысы және тұрғылықты жерінің бар-жоғын, сондай-ақ өмір салтын зерделеп, оларға құқықтық кеңестер берді.