Қызылордада ауыл тұрғыны учаскелік полиция инспекторына алғыс айтты
Жаңақорған ауданының тұрғыны Гүлнар Аязбаева әлеуметтік желілер арқылы учаскелік полиция инспекторына ұялы телефонын тауып бергені үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұялы телефонының ұрланғандығы жөнінде бұл азаматша дереу полицияға арызданған. Учаскелік полиция инспекторы Біржан Мырзабаев «ізін суытпай» күдікті азаматты қолға түсірді. Ұрланған телефон иесіне қайтарылды.
Полиция қызметкерлеріне жергілікті тұрғындардан алғыстар көптеп айтылып жатыр. Өз кезегінде тәртіп сақшылары азаматтарға көмек көрсетуге әрдайым әзір.