Қызылордада бір аптада масаң күйде көлік басқарған 7 жүргізуші ұсталды
Қызылордада бір аптада масаң күйде көлік басқарған 7 жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласы ПБ патрульдік полиция батальон инспекторлары жол қауіпсіздігін алдын алу және жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында бір аптада 1340 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде жеті жүргізуші мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін ұсталды.
Мас күйінде көлік жүргізу деректері бойынша полицейлер әкімшілік хаттама толтырып, тиісті шешім қабылдау үшін құжаттарды сотқа жолдады.
Бір аптада жүргізушілермен қауіпсіздік белдігін тақпаудың – 93, автокөлікті басқару кезінде телефонды пайдаланудың – 33, жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермеудің – 38, жаяу жүргіншінің жол ережесін бұзуының 33 дерегі анықталды. Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.