Қызылордада дәмханадан қымбат телефон ұрлап кеткен жігіт ұсталды
Қызылордада дәмханадан қымбат телефон ұрлап кеткен жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 желтоқсан күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының “102” жедел арнасына 20 жастағы қала тұрғынының арызы келіп түсті.
Арызданушының айтуы бойынша, қала аумағында орналасқан дәмхананың ас дайындайтын бөлмесіндегі сөреде тұрған “Iphone12” маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 545 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері телефон ұрлығын жасаған 21 жастағы облыс тұрғынын ұстады. Күдікті жігітке қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды.