Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада департамент бастығының бірінші орынбасары көші-қон мәселелері туралы брифинг өткізді

Қызылордада департамент бастығының бірінші орынбасары көші-қон мәселелері туралы брифинг өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекеттік маңызы зор, өзекті мәселелердің бірі – көші-қон.Көші-қон саясатына үлкен мән беруін тиіс. Себебі, мемлекетте халықтың жайлы қоныстануы – әлеуметтік – экономикалық тұрақтылықтың кепілі. Әрбір азаматтың орнықты жұмысы, баспанасы бар болса, бұл халық өсіміне де оң әсер ететіні анық.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, алыста жүрген ағайынды, Атажұртқа шақыру туралы батыл, әрі тарихи шешімінің арқасында, көші-қон мәселесі мемлекетіміздің стратегиялық басым бағытына айналды.

Елімізге ширек ғасырға жуық уақыт ішінде бір миллионға жақын қазақ келіп қосылды (Қызылорда облысы бойынша соңғы 3 жылда 721 ұлты қазақ шетелдіктер қонысталған). Өткен жылы 24 қарашада «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қайта қабылданды, яғни ұлты қазақ шетелдіктерге азаматтық алуға мерзімі қысқартылды.

Мемлекеттік қызметті көрсету Стандартына сәйкес, Көші-қон қызметі саласы бойынша 12 мемлекеттік қызмет көрсетуде, оның 70% электронды түрінде, ал жыл аяғына дейін 20% ауыстырылып, мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа 90% жеткізуді жоспарлануда.

Жыл басынан көші-қон қызметі саласымен жалпы 69 мың астам мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның 66 мың электронды түрде, ал 2 мың қағаз түрінде қызмет көрсетілді.

Өздеріңіз білетіндей, пандемияға байланысты облыс аумағына бүгінгі күнге шетелдіктердің келуі азайды.

Қазіргі таңда көші-қон қызметі саласымен облыс аумағына түрлі мақсаттармен 2 мың 800 (2019 ж -20319) шетел азаматтары уақытша тіркеуге алынды (өткен жылмен салыстырғанда 86% төмен).
Жыл басынан еңбекші көшіп келушілер шетелдіктерге барлығы бес мыңға жақын рұқсат рәсімделіп, жергілікті бюджетке салық төлемі ретінде 70 млн астам теңге түсірілді.

Елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі шетел азаматтарының елімізде болу мерзімін 2020 жылдың 1 қарашасына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Яғни, 2020 жылдың 16 наурызынан 1 қараша аралығында мерзімдері аяқталған құжаттар жарамды болып табылады. Олар:
– Визалар;
– Уақытша тұруға ыхтиярхаты;
– Мигранттардың еңбек патенттері;
– Жеке басын куәландыратын құжаттар.
Қорытындылай келе, сіздердің назарларыңызға, 2020 жылдың 1 қарашасына дейін шетел азаматтарды және оларды қабылдаушыларға елде қалу мерзімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Одан бөлек, халықты құжаттандыру мәселелері бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті шаралар жалғасуда.

Мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлік жастағы адамдарды, көп балалы аналарды, мүгедектерді құжаттандыру үшін көші-қон қызметінің және ХҚКО-ның арнайы тұрғылықты жері бойынша үйлеріне баратын мобильді топтың жұмысы ұйымдастырылып, жұмыстары жалғасуда.
Бүгінгі күнге мобильді топтарымен барлығы 1 мың 800-ден астам облыс тұрғындары құжаттандырылып, оларға дайын құжаттары табысталды.

Анықтама ретінде :
Есепті мерзімде Қызылорда ОПД жалпы 69 мың 387 – мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Құқық бұзушылық жасаған тұлғаға қатысты әкімшілік шара көру тәртібі:
• Әкімшілік кодекстің 517 бабы бойынша (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 477 шетелдік анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
• ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамадарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 182 ҚР-ның азаматына ;
• ҚР ӘҚБтК-нің 519 баптарымен (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы) 16 Қазақстан Республикасының азаматтарына әкімшілік шара көрілді ;
• Әкімшілік жолмен республика аумағынан 40 шетелдік шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру