Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ерлі-зайыпты полицейлер еліне адал қызмет етуде

Қызылордада ерлі-зайыпты полицейлер еліне адал қызмет етуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елімізде бір салада жұмыс жасайтын ерлі-зайыпты жұптардың бірі – Қызылорда облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығында қызмет етіп жүрген Сағындық Қаржауұлы мен Гүлбақыт Алиханқызы. Осы саланың жүгін бірге көтеріп келеді.

Отағасы Сағындық 1993 жылы Қызылорда қаласының тумасы. Қызылорда қаласындағы құқық және экономика колледжіне оқуға түсіп, 2012 жылы құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
2012-2013 жылдары Жамбыл облысы, Отар әскери қалашығы №21450 әскери бөлімінде азаматтық борышын өтеп, 2014 жылы Қызылорда қаласы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қатардағы полицейі болып қызмет жолын бастайды.

Қызылорда қаласы мамандандырылған күзет қызметі басқармасында 10 жыл еңбек еткен полиция старшинасы Сағындық 2024 жылы Қызылорда облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығына офицер полиция лейтенанты шешін алып, жұмыс бабымен ауысып келді.
Бір басына бірнеше өнерді дарыта білген полицей қызметті, өнерді өмірімен қатар ұстап, бәріне уақыт тауып, салмақтылықты серік етіп келеді.

Жұбайы Гүлбақыт Алиханқызы да Қызылорда облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығының кезекші-инспектор (бейнебақылаушы) лауазымында осы саланың жүгін көтеріп жүр. Осы жолда еңбек етіп келетін полицейлердің бір ғана міндеті бар, ол – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қазір олар қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауда қатар қызмет етіп жүр, әрі бір ұл мен бір қызды тәрбиелеп отырған бақытты жандар.

Бүгінде Сағындық пен Гүлбақыт үйде де, қызметте де бірге. Ерлі-зайыптылардың бір салада қызмет атқаруы, бір-бірінің жұмысын жақсы түсінуіне септігін тигізеді. Таңертең ерте тұру, тәуліктің қандай уақытында болмасын шақыртуларға бару, жиналыстарда, саптық жиындарда бірге жүру — екеуіне де ортақ іс. Ал демалыс күндерін үйде ата-аналарын тағатсыздана күтіп отыратын балаларына арнайды. Бастаған қызметін аяғына дейін жеткізіп, абыроймен зейнетке шығып, көпбалалы полицейлер отбасы болсақ деген арман мақсаттары бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру