Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада есептегі 258 сотталған азамат жұмыспен қамтылды

Қызылордада есептегі 258 сотталған азамат жұмыспен қамтылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметтерінің есебінде қазіргі таңда 1000-ға жуық сотталған тіркеуде тұр. Пробация қызметі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, есептегі азаматтарға құқықтық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетуді жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.

Жыл басынан бері 258 сотталған азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында белгіленген квота бойынша 74 сотталған жұмысқа орналастырылды.

Бұл – пробация қызметі мен жергілікті әкімдіктердің бірлескен жұмысының нақты нәтижесі. Жуырда Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 9 сотталған азамат аудан аумағындағы ұйымдар мен кәсіпорындарға жылу маусымына арналған маусымдық жұмыстарға орналастырылды.

Пробация қызметінің қолдауымен тұрақты жұмысқа орналасып, өз еңбегіммен нәпақамды тауып жүрмін. Еңбек ету маған жаңа өмір бастауға, өзіме деген сенімді қайта оралуға мүмкіндік берді. Осындай сенім мен қолдау көрсеткен пробация қызметінің мамандарына алғыс білдіремін, – деді есептегі сотталған азамат.

Пробация қызметі алдағы уақытта да жергілікті атқарушы органдармен және кәсіпкерлермен бірлесе отырып, есептегі азаматтарды тұрақты әрі маусымдық жұмыстармен қамту жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру