Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада есептегі азаматтардың психологиялық мінез-құлқы тексерілді

Қызылордада есептегі азаматтарға психодиагностикалық аппаратпен зерделеу жұмысы жүргізілді, –   деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық пробация қызметінің психолог маманы Гүлзинат Жилкаманова және  Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығының психолог маманы Зарина Бисекова пробация есебіндегі тұлғаларды қабылдап,  «Ақсұңқар» психодиагностикалық зерттеу аппаратымен азаматтардың психологиялық мінез-құлқын анықтады. 

– Қабылдау барысында 20 азаматқа танысу, ой бөлісу, пікір алмасу кезеңдері бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы, мұндай шара бірінші кезекте «қызыл» санаттағы, яғни қайталап қылмыс жасауға бейімі бар сотталған азаматтар өткізілуде. Жыл басынан 300-ден астам есептегі азамат осындай аппараттан тексерістен өтті, – деді Г.Жилкаманова.

– Психолог маманның қабылдауында болып, психологиялық тестілеуден өттік. Психолог маман өткізетін тренингтерге қалмай қатысамын. Алға қойған арманым мен мақсатым бар. Біз сияқты аяғын шалыс басқан азаматтарға психологтың қолдауы керек, – деді есептегі азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру