Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада есептегі сотталғандар Жеңіс күніне орай "Мәңгілік алау" алаңына гүл шоқтарын қойды

Қызылордада есептегі сотталғандар Жеңіс күніне орай "Мәңгілік алауға" гүл шоқтарын қойды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлы Жеңіс күні - сан мыңдаған ұрпақ үшін ұлы мереке! Биыл адамзат тарихындағы сұрапыл, жойқын соғыстың аяқталғанына 77 жыл толды. Бұл күн - абыройымыз бен жанымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік символы.

Осындай мереке қарсаңында Қызылорда қалалық пробация есебіндегі сотталған азаматтар "Мәңгілік алау" алаңына барып, ата-баба рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

- Бейбіт өмір үшін кеудесін оққа тосқан бабалар рухына тағзым ету үшін біз есептегі сотталған азаматтар инспекторымыз А. Абдрашитованың бастамасымен жиналып, "Мәңгілік алауға" гүл шоқтарын қойдық. Жеңіс мерекесі ата-бабамыздың қанымен, жанымен келді. Сондықтан әрқайсысымыз үшін қымбат мереке, - деп сотталған азамат ой түйіндеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру