Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада есептегі жастар спорттық сайысқа қатысты

Қызылордада пробация есебіндегі жастар арасында кроссфит спорттық сайысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласында пробация есебінде тұрған жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында кроссфит спорттық сайысы ұйымдастырылды. Аталған шараны облыстық жастар ресурстық орталығы мен қалалық пробация қызметі бірлесіп өткізді.

Қатысушылар өз ептілігі мен шыдамдылығын бес кезең бойынша сынады. Жарысқа 5 команда бақ қатысты.

Шара барысында жастар тек физикалық күш пен дайындықтарын ғана емес, сонымен қатар командалық ынтымақтастық пен өзара қолдаудың маңыздылығын көрсетті. Спорттық жарыс жеңімпаздарын анықтап, қатысушылардың барлығы марапаттарға ие болды.

- Бүгінгі спорттық шараға белсенділік танытып, командамызбен 1-орын алдық. Спортпен жиі айналысып жүргендіктен, бұл сайыс маған аса қиындық тудырмады. Командалық рухты көтеріп, бәріміз бірлесіп күш жинап, жеңіске жеттік. Мұндай шаралар біз үшін өте маңызды – бұл жаңа өмірге деген ынта мен сенімді арттырады, – деді есептегі азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру