Қызылордада есірткі таратқан ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Есірткі таратқан қызылордалық 10 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сот синтетикалық есірткі затын таратқан 20 жастағы қызылордалыққа үкім шығарды. Күдіктіні осы жылдың ақпан айында облыс орталығындағы мөлтек аудандардың бірінде қызылордалық полицейлер құрықтады.
Жүргізілген жедел шаралар барысында одан 10,53 грамм психотроптық заттар алынған, бұл үлкен мөлшердегі синтетикалық препараттарға жатады. Ұсталған жас жігіттің айтуынша, ол мобильді қосымша арқылы тапсырыс қабылдап, «синтетиканы» қала ішіндегі белгілі бір жасырын жерлерге салып отырған. Сотта айыпталушы өзінің кінәсін мойындады.
Ұсталған азамат кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.