Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада есірткіге қарсы ауқымды акция ұйымдастырылды

Қызылордада есірткіге қарсы ауқымды акция ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні” мерекесіне орай Қызылорда қаласының орталық алаңында ауқымды есірткіге қарсы акция өткізілді. Есірткіге қарсы профилактикалық жұмыста үздік болып танылған түрлі сала өкілдері алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар сыйлық иелері болып тілшілер арасында ұйымдастырылған үздіктер де марапатталды.

Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, оның барысында тақырыптық театрлық және би қойылымдарының көрсетілімі назарға ұсынылып, жергілікті және шақырылған әншілер өз өнерлерін паш етті.

Облыстық полиция департаментінің жедел әрекет ету арнайы жасағы мен кинологтар өз өнерлерін көрсетті және көрме ұйымдастырды. Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мен еріктілер есірткіге қарсы ақпарат баспа материалдары мен іс-шараның кішкентай көрермендеріне сыйлықтар таратты. Концертке қатысу үшін қазақстандық эстрада дуэті Елдос Жанұзақ пен Бейбарыс Садық шақырылды, олар акция барысында қатысушыларды салауатты өмір салтын ұстануға және есірткіден аулақ болуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру