Қызылордада есірткіні жарнамалайтын 30-дан астам граффити өшірілді
Қызылордада граффити жазбаларын өшіру акциясы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, "Жастар ресурстық орталығы" өкілдерімен бірлесіп есірткі жарнамасы бар граффитилерді жою бойынша акция жүргізді.

Қызылорда қаласының әртүрлі аудандарында орналасқан ғимараттардың қабырғаларынан 30-дан астам граффити жазбалары жойылды.
Акцияның мақсаты – есірткіні жарналамайтын және насихаттайтын интернет және телеграмм арналардың мекенжайлары бар граффити жазуларын өшіру.
Полиция есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы есірткі мен психотроптық заттарды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау үшін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.
Егер бұл қылмысты алдын ала келісім арқылы жасаған болса, мүлкі тәркіленіп немесе бас бостандығынан айыру жазасына тартылады.
