Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада есірткінің жасырын өндірісі жойылды  

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті қызылордалық әріптестерімен бірлесіп синтетика өндіретін есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел ақпаратты тексеру барысында қылмыстық өндірісте күдікті болған жергілікті тұрғынға бақылау  жүргізіле бастады.

Бұл оны тұрмыстық химия қаптамасына жасырылған, ішінде  синтетикалық есірткісі мен сұйықтығы бар сәлемдемені алып жатқан жерінен ұстауға мүмкіндік берді.

Күдіктінің пәтерін тінту кезінде есірткіні өндіру фактісін дәлелдейтін есірткі заттарының қалдықтары бар ыдыс-аяқ, электронды таразылар, бояғыштар, жеке қорғаныс құралдары табылды.

Оның телефонының ішіндегі ақпаратты зерттегеннен кейін полиция қызметкерлері есірткі жасырылған 13 жерді анықтады. Ішінде синтетикалық есіртікісі бар 21 түйір тәркіленді. Ұсталған адам көрсеткендей, ол бұл есірткілерді мессенджерлер арқылы сатқан, төлемді ақша ағындарын бақылау қиын болу үшін криптовалютамен алып отырған.

Жалпы сұйық түрдегі екі литр синтетикалық есірткі және сатылымға дайын есірткі түйірлері алынды.

Есірткі  дайындау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мүлкін тәркілеумен 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда, есірткінің барлық түсу арналары мен қатысы бар адамдар анықталуда.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиев атап өткендей, синтетикалық есірткілердің тәркіленуі, одан бөлек оның өндірілуі бұл өңірге тән емес, себебі жерілікті есірткі сатушылар негізінен қызылордалық «индюхаға» деген тұтынушылардың сұранысын арттыратын құрамында жоғары процентті тетрагидроканнабинолы бар «үнді» сора түрін өсірумен айналысады.

Аталған өңірде синтетика таралуының өсу тенденциясы елімізде есірткі нарығының қайта бейімделгенін және «дәстүрлі» есірткі түрлерінің ығыстырылғанын куәландырады.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру