Қызылордада гарнизондық жиын өткізілді
Қызылордада гарнизондық жиын өткізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының алаңында гарнизондық жиын өтті. Іс-шараны департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Оралбек Омаров өткізді.
Жиынның негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойына орай күшейтілген қызмет режимі мен жаңа оқу жылы қарсаңында өтетін “Абайлаңыз, балалар” және “Құқық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында жеке құрамның қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығын пысықтау болды.
Полиция полковнигі қызметкерлердің сыртқы келбетін, нысанды киім үлгісін, қызметтік автокөліктер мен байланыс құралдарының техникалық жай-күйін тексерді. Сонымен қатар полицияның сервистік моделін іске асыру бағыттары түсіндіріліп, саптық бөлімше командирлеріне нақты тапсырмалар жүктелді.
Жиын соңында жеке құрам саппен жүріп өтіп, Қызылорда қаласының қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кірісті.