Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер құрықталды

Қызылордада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 мамыр күні Қызылорда облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында 2022 жылдан бері тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда қаласының 44 жастағы тұрғыны құрықталды.

Полицейлер күдіктіні Қызылорда қаласында жасырынып жүрген жерінен анықтады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру