Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ІІО мен Ұлттық ұлан ардагерлері қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерімен кездесті

Қызылордада ІІО мен Ұлттық ұлан ардагерлері қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерімен кездесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысында Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков пен ҚР ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары Алмас Амзеев қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері, Ұлттық ұланның 5547 әскери бөлімінің әскери қызметшілері және ҚАЖ ардагерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының "Әділ Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм" атты Жолдауында қойылған міндеттердің маңыздылығына айрықша назар аударылды. Сондай-ақ Ішкі істер органдарында 2025 жылдың "Профилактика жылы: полиция – заң мен тәртіп күзетінде" деп жариялануы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған жаңа тәсілдерге жол ашатыны атап өтілді.

Жиын барысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде профилактикалық жұмыстың рөлі мен оған қоғамды кеңінен тартудың маңызы сөз болды. Қызметкерлерге өз міндеттерін адал әрі заң аясында орындау, кәсіби жауапкершілік пен антқа адалдықтың маңыздылығы тағы бір мәрте еске салынды. Арнайы контингентпен жұмыс істеуде аса мұқияттылық пен жоғары моральдық ұстанымның қажеттілігі атап өтілді.

Сонымен қатар жас қызметкерлердің бойында патриотизм, адалдық пен жоғары жауапкершілік сынды қасиеттерді қалыптастыру – басты бағыттардың бірі екені айтылды. Осыған орай ақпараттық-насихат жұмыстарын жандандыру, тәрбие мен кәсіби даярлықты күшейту қажеттігі көтерілді.

Кездесу аясында ардагерлер кеңесінің алдында тұрған міндеттер де айқындалды. Атап айтқанда, жас қызметкерлерді кәсіби тұрғыдан тәрбиелеу, әскери-патриоттық рухты дәріптеу, құқықтық және қызметтік тәртіпті нығайту, сондай-ақ ардагерлердің мол өмірлік тәжірибесін жас буынға үлгі ету секілді маңызды бағыттар бойынша жұмысты күшейту көзделіп отыр.

Кездесу соңында ҚАЖ саласына сіңірген еңбегі үшін бірқатар ардагерлер марапатталды. Талғат Ахметов пен Шәдібек Ақпанбетов  – "ІІМ Құрметті ардагері" төсбелгісі, ал Ақылбек Сейдалиевке  – "Ардагерлер ұйымына қосқан үлесі үшін" медалі табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру