Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада интернет алаяқ ұсталды

Қызылордада интернет арқылы адамдардың сеніміне кіріп, ақшасын алған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жеңіл пайда табамын деп жоспарлаған алаяқ 63 жастағы азаматтан “арзан бағамен дөңгелек алып беремін” деген желеумен 1 миллион 200 мың теңгеден  астам ақшасын алып, уәдесін орындамаған.

Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Жаңақорған кентінің 33 жастағы тұрғынын ұстады.

Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған алаяқ кінәсін толық мойындады.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1- бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Бұдан басқа аудан полицейлері оның осыған ұқсас басқа да алаяқтық қылмыстарына қатысы бар-жоғын анықтайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру