Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада карантин шектеулерін бұза отырып, той жасаған азаматтар анықталды

Қызылорда облысының Шиелі ауданында өткізілген рейдтік іс-шаралар кезінде карантиндік шектеулерді елемей той жасаған азаматтар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының аумағына енгізілген карантиндік шектеулерге байланысты санитарлық талаптарды бұзу фактілерін анықтау бойынша рейдтік шаралар жалғасуда.

2020 жылғы 31 қазанда Шиелі АПБ қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде Шиелі кентінің Байтұрсынов көшесі бойында орналасқан мейрамханалардың бірінде ұжымдық отырыс болып жатқанын анықтады.

Дәл сол күні Шиелі кентіндегі Палмұхамедов көшесінің тұрғынының үйінде туыстарын жинап,  үйлену тойын жасағаны белгілі болды.

Бұл фактілер бойынша жинақталған құжаттар тиісті шешім қабылдау үшін Шиелі аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру