Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада "Киік" ЖПІШ барысында бірқатар құқық бұзушылықтар анықталды

Қызылордада "Киік" ЖПІШ барысында бірқатар құқық бұзушылықтар анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысында 1–31 желтоқсан аралығында "Киік" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты — табиғатты қорғау, заңсыз аңшылықтың алдын алу және сирек кездесетін, жойылып кету қаупі төнген жануарлар дүниесін сақтау.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері аң аулау қағидаларының сақталуын бақылап, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен заңсыз айналысатын тұлғаларды анықтау бағытында кешенді тексеру жұмыстарын жүргізді.

Жүргізілген шаралар нәтижесінде:

  • Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша (Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлармен заңсыз айналысу) 3 қылмыстық іс тіркелді;

  • Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабы бойынша (Аң аулау қағидаларын бұзу) 41 құқық бұзушылық дерегі анықталды;

  • заңсыз айналымнан 10 дана қару тәркіленді.

Аталған деректер бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, заңнама талаптарына сәйкес процессуалдық шешімдер қабылдануда.

Полиция қызметкерлері азаматтарды табиғатты қорғау талаптарын, аңшылық ережелері мен қару айналымына қатысты заңнаманы қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру