Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші анықталды

Қызылордада бұрын көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші рөлге қайта отырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері қала аумағының тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында 9 маусым күні сағат 19:50 шамасында көшелерінің бірінде жол жүрісі қағидаларын бұзған жеңіл автокөлігі тоқтатты. Құжаттарын тексеру барысында мас жүргізуші бұрын сот шешімімен 2022 жылы 7 жылға автокөлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. 44 жастағы жүргізушінің автокөлікті мас күйінде басқарғаны анықталды.

Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалып, автокөлік айып алаңына қойылды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру