Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші қамауға алынды
Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 қараша күні сағат 16:30 шамасында Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлерімен жол ережесін бұзғаны үшін ВАЗ-2107 автокөлігі тоқтатылды. Автокөлікті басқарған 49 жастағы аудан тұрғыны болып шықты. Бұл азамат 2018 жылдың 28 наурызы 5 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірді.
Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару) дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Автокөлік айып алаңына қойылды. Жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.