Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші қамауға алынды

Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері қала көшелерінің бірінде жол жүрісі қағидаларын бұзған жеңіл көлікті тоқтатты. Құжаттарын тексеру барысында мас жүргізуші 2019 жылдың 9 желтоқсанында 3 жылға сот шешімімен куәлігінен айырылғаны анықталды. 31 жастағы жүргізушінің тағыда мас күйінде автокөлік басқарғаны анықталды.

Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, автокөлік айып алаңына қойылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру