Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші қайтадан мас күйінде көлік тізгіндеген

Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 20 ақпаны күні түнгі 23:20-да Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жеңіл автокөлікті тоқтатқан. Автокөлікті басқарып келе жатқан облыс орталығының 46 жастағы тұрғынының мас екені анықталды. Тексеру барысында бұл азаматтың сот шешімімен 2021 жылғы 20 қаңтарда көлік құралын басқару құқығынан алты ай мерзімге айырылғаны белгілі болды.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, жүргізуші қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру