Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада көші-қон қызметі саласымен 70 мыңға жуық мемлекеттік қызметтер көрсетілді

Қызылордада көші-қон қызметі саласымен 70 мыңға жуық мемлекеттік қызметтер көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан көші-қон қызметі саласымен жалпы 69 мыңнан астам  мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның 66 мың электронды түрде, ал 2 мың қағаз түрінде.Мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлік жастағы адамдарды, көп балалы аналарды, мүгедектерді құжаттандыру үшін көші-қон қызметінің және Азаматтарға арналған үкімет үйінің арнайы тұрғылықты жері бойынша үйлеріне баратын мобильді топтың жұмысы ұйымдастырылып, жалғасуда.

Бүгінгі күнге мобильді топтарымен барлығы 1 мың 800-ден астам облыс тұрғындары құжаттандырылып, оларға дайын құжаттары табысталды.  Есепті мерзімде Қызылорда ОПД жалпы 69 мың 387 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Мысалы: ҚР азаматтарына паспорттар және жеке куәліктерін беру – 59 мың 750;
Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту – 4314;

ҚР-да уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу – 2800;

ҚР-ның азаматтығын алуды және одан шығаруды тіркеу – 21;

ҚР тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды рәсімдеу – 36;

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру – 45;Азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру – 42;

Қазақстан Республикасының визаларын беру үшін қабылдаушы тараптың шақыруын қабылдау және келісу – 90;

Шығу визаларын ұзарту және беру – 274.

Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру