Қызылордада көші-қон заңнамасын бұзған 254 шетелдік анықталды
Қызылордада «Заңсыз келуші-2021» шарасы барысында көші-қон заңнамаларын бұзған 254 шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 5-12 шілде аралығында облыс аумағында «Заңсыз келуші-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Шара барысында облыс аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершілікке татрту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайларын, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде жалпы 368 құқық бұзушылық анықталды.
Оның ішінде:
Көші-қон заңнамаларын бұзған ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 254 шетелдік анықталды.
Сонымен бірге, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамадарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 99 ҚР азаматына және ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабы (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы) бойынша 15 ҚР азаматына әкімшілік шаралар көрілді.
Өзбекстан Республикасының 11 азаматы республика аумағынан аластатылды.
Қазақстан Республикасының 1 азаматына және Өзбекстан Республикасының 1 азаматына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Өзбекстан Республикасының 26 азаматына уақытша болу мерзімдері қысқартылды.
Жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ 22 азамат ҚПБ-ның қабылдау тарату орнына жеткізілді.