Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада күзет қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті

Қызылордада күзет қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы көлемінде 29 қазан – "Күзет ұйымдарының қызметкерлері күні" кәсіби мерекесіне орай жеке күзет ұйымдары қызметкерлерінің арасында шағын футболдан турнир ұйымдастырылды.

Іс-шараны Қызылорда облысы полиция департаментінің Күзет қызметін бақылау бөлімі мен "Динамо" ДШСҚ облыстық филиалы бірлесіп өткізді. Турнирге полиция қызметкерлерімен бірге еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген жеке күзет ұйымдарының, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – күзет саласы қызметкерлері арасындағы өзара ынтымақтастықты арттыру, әріптестік пен достықты нығайту, ұйымшылдық пен салауатты өмір салтын насихаттау және кәсіби мерекені атап өту болды.

Турнирдің ашылу салтанатында департамент бастығының орынбасарыЕрмахан Абдраманов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар қызметтік міндеттерін адал атқарып, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуда белсенділік танытқан жеке күзет ұйымдарының қызметкерлері мерекелік төсбелгімен, сондай-ақ Қызылорда облысы және қала әкімдерінің, полиция департаментінің, Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің, Халықаралық полиция ассоциациясы Қазақстан секциясы президентінің және "Динамо" спорт қоғамы облыстық филиалының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Қазақтың қастерлі дәстүрі – үлкенге құрмет көрсету мақсатында, ішкі істер органдарының ардагерлеріне шапан жабылып, ерекше ілтипат көрсетілді.

Тартысты өткен футбол турнирі достық пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен, медальдармен және бас жүлде – ауыспалы кубокпен марапатталды.

Іс-шара соңында қатысушылар мен қонақтар үшін мерекелік дастархан жайылып, басқосу ардагерлердің ақ батасымен түйінделді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру