Қызылордада ломбардтан 300 млн теңгеге бұйымдар ұрлаған екі күдікті ұсталды
Қызылордада ломбардтан 300 млн теңгеге бұйымдар ұрлаған екі күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қаңтар күні жаппай тәртіпсіздік кезінде Қызылорда қаласында орналасқан «Ломбард» мекемесінен жалпы құны 300 млн теңге болатын алтын бұйымдар ұрланған.
Орын алған дерек бойынша ҚР-ның Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігінің 3-тармағымен (Аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне қылмыстық іс тіркелген.
Жүргізілген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде Қызылорда қаласының екі тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.