Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мал ұрлығы «ізін суытпай» ашылды

Қызылордалық полицейлер мал ұрлығын «ізін суытпай» ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 қаңтарға қараған түні полицияға Қараөзек ауылының тұрғыны ауласындағы мал қорасынан бір бас сиырының ұрланғандығы туралы арызданды.

Полиция қызметкерлері дереу жедел-іздестіру іс-шараларын өткізіп,  «ізін суытпай» мал ұрлаған азаматты анықтады. Күдікті жұмыссыз, 25 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында ұрланған сиыр алынды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігімен (Мал ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Мал ұрлықтарының алдын алу мақсатында Қызылорда облысының Полиция департаменті азаматтардан өз мүлкін сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру