Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мал ұрысы қолға түсті

Қызылордада өрістен мал ұрлаған мал ұрысы қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мал ұрлығының алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында Қызылорда облысы көлемінде биыл шілде айының 30 мен тамыз айының 5 күндері аралығында “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Жедел шара барысында Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің нәтижесінде облыс орталығында мал ұрлығына күдікті 50 жастағы қала тұрғыны құрықталды. Күдікті жайылымдық өрістен бір бас сиыр ұрлап, мал иесіне  200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Мал иесіне келтірілген шығын толық қайтарылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 1-бөлігімен “Мал ұрлау бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру