Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мас күйде көлік басқарған азамат ұсталды

Қызылордада “Қауіпсіз жол” іс-шарасы аясында мас күйде көлік басқарған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілердің арасындағы ең көп таралған әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірі – көлікті мас күйде жүргізу. Осы ретте Қызылорда қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында “Қауіпсіз жол” іс-шарасын өткізіп жатыр.

Мәселен, 11 шілде күні сағат 06:20 шамасында полиция қызметкерлері ВАЗ-21115 автокөлігін Назарбаев даңғылы бойында тоқтатып, 23 жастағы қала тұрғынына тексеріс жүргізу кезінде оның алкогольді спирт ішімдігін ішкені анықталды. Наркологиялық сараптама нәтижесі бойынша жүргізушінің “жеңіл дәрежелі” масаң күйде болғаны анықталды.

Тәртіп бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлігі айып алаңына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру